Тоғжан
Уйсунбаева
Фотография саласына келу жолым:


Менің фотографияға деген жолым бала кезімнен басталған. Әкем осы салада 18 жасынан бастап жұмыс істей бастаған, ал қазіргі таңда 26 жылдан бері фото және видеомен айналысып келеді.
Біздің отбасымыздың өмірі де осы кәсіппен тығыз байланысты болды. Ташкенттегі үлкен үйімізде әкемнің жұмысшылары да бізбен бірге тұрды. Жұмыстан келгенде олар біздің үйде түнейтін.
Ес білгелі біздің үйде үнемі 15-20 шақты жұмысшы болатын, олар сөйлесетін тақырып тек фото мен видео еді. Үйде екі монтажер да болатын, олар да әкеммен бірге жұмыс істеді. Олардың қалай жұмыс істеп жатқанын көріп, қызыға бастадым.
Бала күнімнен фотоаппараттар мен камераларды көріп өстім, олардың әрқайсысы қалай жұмыс істейтінін білетінмін. Бұл салаға мен кездейсоқ келіп қалған жоқпын, керісінше бұл сала менің қанымда бар десем артық емес. Себебі менің атам, әкем, оның ағалары, ағаларым – бәрі осы фотография саласымен айналысқан болатын.





